ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Талгар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жарқын ойлар

Жарқын ойлар

Сипаттама

«Жарқын ойлар» пьесасының композициясына көркем-мағыналық байланысы бар әңгімелер кірді, сол себептен қойылым авторы мен режиссері Евгений Гельфонд оларды бір оқиға желісімен біріктірді.

Шушкиннің жазулары бойынша жазылған спектакль - бұл көрермендердің көз алдында өтіп жатқан адамдардң ашық берілген оқиғалары. Спектакльдің кейіпкерлері - бір ауылдың тумалары, қарапайым жандар. Олардың бастары көркем өнерпаздық үйірмесінің қабырғасында міндетті түрде қойылатын спектакльдердің («Баспана», «Актер Федор Грай») дайындықтары кезінде қосылады. Кейіпкерлердің отбасылық өмірінің барлық көріністері, жеке эпизодтар ретінде, осы сюжетке үйлесімді түрде тоқылған: («Степканың махаббаты», «Етік», «Күйеу балам бір көлік отын ұрлады», «Жарқын жандар»).

Колхоз төрағасы Матвей Васильевичтің «Ойлары» спектакльдің өтпелі желісі ретінде өткізіледі. Оның монологтарында жарық мұң байқалады, адам өмір бойы өзіне қоятын сұрақтардың жауабын өздігінен жауап беруге тырысады. Спектакльдің соңғы көрінісінде біз өмірдің шаттық үнін, өлім мен қапаның үстіндегі жеңісін тамашалаймыз. («Монша мен бақтың иесі»)

Сахнада барлығы Шушкиннің шығармашылығы туралы айтатын болады. «Сендерге ерік беруге келдім» романының негізінде дайырланған «Разинның ақырғы сәті» атты қойылмаған фильмімен қоса, Шушкиннің фильмдер афишасы арқылы да оның шығармашылығының бейнесін көре аламыз. Өзінің кейіпкерлерінің мінездері мен тағдыры арқылы Василий Шушкин «орыс жанының жұмбағын» ой үстіне алады. Шушкиндік кейіпкерлер махаббат туралы айтпайды, ол үлкен сөздерден аулақ болуға тырысады. Себебі айтылған қажетсіз сөздер адам мен адам арасында туындайтын және түсіндіруді қажет етпейтін қайта оралмас сәтті жояды деп сенеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан к-сі, 13

  • Авторы

    В. Шукшин

  • Премьера күні

    13 ақпан 2021 жыл

  • Қоюшы режиссері

    Евгений Гельфонд (Челябинск, РФ)

  • Қоюшы-суретші

    Елена Гаева (Челябинск, РФ)

  • Сөйлеу хорының модераторы

    Ксения Бойко (Челябинск, РФ)

  • Жанр

    әңгімелер бойынша сахналық фантазия

  • Спектакльдің ұзақтығы

    үзіліспен 2 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    12+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз