Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Симфоника

ҒАЖАЙЫП ҮЙЛЕСІМДІЛІК КҮШІ

«Симфоника» циклінен концерт

Солист – Павел Минев (скрипка, Болгария)

Дирижер – Наталья Базалева (Якутия)

23 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында «Симфоника» циклінен «Ғажайып үйлесімділік күші» атты концерт өтеді. Концертке атақты болгар скрипкашысы Павел Минев және «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады, дирижері – Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Наталья Базалева (Якутия).

Әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары: «Ресей газеті», «Америка Дауысы», Grazia журналы (Италия) және басқалар Павел Миневті – «Заманауи Паганини» деп атайды. Ол ең танымал оркестрлермен және музыканттармен әлемнің үздік залдарында – Е. Светланов атындағы МАСО-мен Карнеги-холлда, Ресей Мемлекеттік академиялық камералық оркестрімен Columbia Artists Managements Hall залында, София филармониясы мен Ресей Теледидары және Радиосының оркестрлерімен Мәскеу консерваториясының Үлкен залында және Берлин филармониясында өнер көрсетті.

Павел Минев Италия, Ресей, Болгария, Чехия беделді халықаралық байқауларының, сондай-ақ Польшадағы Г. Венявский атындағы Халықаралық фестивальдің бірінші сыйлығының лауреаты, Кирилл мен Мефодий Халықаралық қорының стипендиаты.

2002 жылы Ресейдің 10 көрнекті мәдениет қайраткерлерінің ішінде Президенттік грантқа ие болды. Шығармашылық жетістіктері үшін Болгария мәдениет Министрлігінің Мерейтойлық медалімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Ол әлемдік Great Artists-Musical World көрнекті әртістерінің топ-лист қатарына енді.

Наталья Базалева – Якутия Мемлекеттік концерттік оркестрінің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, Symphonica ARTica симфониялық оркестрінің дирижері, Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.

2003 жылдан бастап дирижер-ассистент ретінде Мәскеуде және Саха Республикасының (Якутия) Мемлекеттік опера және балет театрында М.Мусоргскийдің «Борис Годунов», ал Мариин театрында Ж.Бизенің «Кармен» операларының қойылымдарында жұмыс істеді. 2005 жылы қоюшы дирижер ретінде Ким Хен Октың «Қарақұмық гүлдеп тұрғанда» атты операсының халықаралық қойылымына қатысты (Якутия, Хабаровск, Кангвон және Сеул). 2014 жылы Мариин театрының тарихи сахнасында Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіне дирижерлік етті.

2010 жылдан бастап – Сеулдегі Gwang Myeong симфониялық оркестрінің шақырылған бас дирижері (Оңтүстік Корея).

Бағдарламада:

П.Чайковский. «Меланхолиялық серенада», ор.26

В.А.Моцарт. №3 скрипка мен оркестрге арналған соль мажор концерті (1775) KV216

М.Брух. №1 скрипка мен оркестрге арналған соль минор концерті, op. 26

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады