Kinoman

РЕКВИЕМ

2021 / 2022                    Үлкен зал            IХ маусым

17 қаңтар * дүйсенбі * 19.00

18 қаңтар * сейсенбі * 19.00

 

 

Дж.Верди.

РЕКВИЕМ

 

«Реквием» – Вердидің әйгілі шығармаларына жатады және сонымен бірге опералық театрға арналмаған жалғыз ірі туындысы.

Осы шығарманы жазуға итальяндық ақын әрі жазушы, «Неке қию» романының авторы, итальяндық ұлт-азаттық қозғалысының ірі қайраткері Александро Манцонидің қайтыс болуы түрткі болды.

«Реквием» алғашқы рет 1874 жылы 22 мамырда Миланда, Манцонидің қайтыс болғанының жылдығында, автордың басқаруында және керемет хор, оркестр мен үздік итальяндық әншілердің қатысуымен орындалды. Бірнеше күннен кейін «Реквием» зор жетістікпен Миланның «Ла Скала» опера театрында, содан кейін – Париж, Вена, Петербург және басқа қалаларда қайталанды. Бүкіл жерлерде «Реквиемді» үлкен ықыласпен қарсы алып, жеке нөмірлердің қайталауын сұрайтын болған.

Дж.Вердидің Реквиемі В.А.Моцарттың Реквиемімен бірге осы жанрда ең жиі орындалатын шығармаларға жатады.

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ХОРЫ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан ДӘУІТОВ

Дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады