Jullien Dassin

Жалғаса бер, сиқыр, жалғас...

«Жалғаса бер, сиқыр, жалғас...»

(Романс кеші)

Романс… Ол сиқыр мен жарқын мұңға толы. Онымен кездесу әрдайым жанға жайлы әрі қалаулы. Ұлы композиторлар қаншама ғажайып романстар жазған! Олар ХІХ және ХХ ғасыр адамдарына қаншалықты жақын әрі таныс болса, бүгінде бізге де соншалықты әсер етуде.

Театрдың Камералық залында өтетін «Жалғаса бер, сиқыр, жалғас» атты романс кешінде «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістерінің орындауында танымал романстар мен әндер, орыс және шетелдік композиторлардың аспаптық жауһар туындылары шырқалады.

«Күміс ғасыр» ақындарының рухты өлеңдерімен керемет әуендердің үйлесімді бірігуі кештің поэтикалық көңіл-күйін қалыптастырады.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады