Jullien Dassin

Париж көктемі

«Париж көктемі»

Аспаптық музыка концерті

«Астана Опера» оркестрінің жас әртістері көрермендерін көктемгі Парижге сахатқа шақырады. Оларға танымал француз композиторлары – музыкалық импрессионизм көшбасшылары Морис Равель мен Клод Дебюсси, экстравагантты әріптестері Эрик Сати, адуынды экспериментатор Дариус Мийо мен салмақты Камиль Сен-Санс, Филипп Гобер мен Жак Ибер серіктес болады.

Концертте басты аспап фортепиано болса, олармен труба, флейта, кларнет және… тағы бір фортепиано ансамбль құрайды. Содан кейін фортепиано мен труба ішекті квартетпен бірігеді, ал ксилофон солоны орындайды.

Шығармалар атаулары олардың түрлі сипатта екенін білдіреді: «Таңғажайып ару», «Вальс», «Ноктюрн», «Хабанера», «Арабеска», «Ай сәулесі», «Канкан», «Хикаялар»…

Фортепиано партиясы:

Эльмира Сұлтанғазина

Динара Қалабаева

Анастасия Гришенкова

Айгүл Қалкенова

 

Алмас Тоқпанов (кларнет)

Думан Орынғалиұлы (труба)

Әлима Саттыбаева (флейта)

Мақсат Сүлейменов (ксилофон)