Google ad services
Билеты на мастер-классы Алматы

Ерлан Көкеев пен «К-7» тобы Алматыда

Ерлан Кокеев и группа «К-7» в Алматы«Танец под дождем» атты мерейтойлық концертімен Ерлан Көкеев пен «К-7» тобы. Кәсіби сахнада 25 жыл!

Бірнеше өлеңдерін еске түсірудің өзі ақ жеткілікті: "Танец под дождём", "Самая красивая", "По небу", "Сен" – себебі біз әңгіменің кім жайлы айтылып жатқанын бірден ұғамыз. Әрине ол - ескі және жаңа кезеңнің музыкалық мәдениетін өзіне сіңіріп алған әндерімен біздің өмірімізге нық кіре білген тамаша музыкант. Және бүгінгі күннің өзінде, Ерлан Көкеевтің шығармашылық қызметі басталғалы бері 25 жыл өтсе де, біз оның өнеріне қызығушылық танытып, әрқашан жаңа әндерін асыға күтудеміз. 

«Танец под дождем» мерейтойлық бағдарламасы – жарқын жанды көрініс, және оның негізінде айрықша сценография, жанды дауыс, орасан зор музыкалық көрініс жатыр. 

Концерттік бағдарламада әлдеқашан сүйікті туындыларға айналған әндермен қатар, жаңа хит әндер де болады. Мерейтойлық концерттің қонақтары: ВИА «Дос-Мұқасан», Жанна Орынбасарова, «АБК» тобы.

КОНЦЕРТТІҢ ӨТЕТІН ЖЕРІ:  Алматы  қ. Республика Сарайы  – 2017 ЖЫЛДЫҢ 11 МАМЫРЫНДА, сағат 19.30