Бабалар аманаты – Тәуелсіздік
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған
Концерт
«БАБАЛАР АМАНАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК»
16 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Бабалар аманаты – Тәуелсіздік» концертінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің шығармалары орындалады.
ҚР композиторлары Одағының төрайымы, 500-ден астам музыкалық шығармалардың авторы, қайталанбас өзіндік стилімен, бейнелі де демократиялық тілімен ерекшеленетін композитор – Балнұр Қыдырбек 2014 жылы «Реквием» атты шығармасы үшін әдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Оның шығармаларының айырмашылығы – әр түрлі жанрда жазылуында: бұл – балаларға арналған шығармалар («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» балеті), «Қалқаман – Мамыр» опера-балеті, «Жанұран» мюзиклі, труба мен оркестрге арналған концерт, симфониялық поэмалар, кантаталар, увертюралар, оркестрлік сюиталар, сондай-ақ кино және театрға арналған музыка, эстрадалық пьесалар, қазақ халық әндерінің өңдеулері және тағы басқалар.
Концертте Балнұр Қыдырбектің оркестрлік («Ақтау сарыны», «Өрен», «Өрлеу», «Гауһар-күй», «Дешті Қыпшақ», «Балғын»), вокалдық («Туған мекен – Күреңбел», «Сенбейсің», «Той көбейсін») және тағы басқа шығармалары орындалады.
Опера солистері:
Ғалия Байғазинова (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Жаннат Бақтай (сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Айзада Капонова (сопрано)
Мәдина Исламова (сопрано)
Салтанат Мұратбекова (меццо-сопрано)
Байғали Момбеков (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қияқбай Асанбаев (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Талғат Ғалеев (баритон)
«Астана Опера» Камералық оркестрі
Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов
Жүргізуші – Қуат Бағысбеков
Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады