Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Күзгі элегия

Bel Canto музыкалық салоны

«Күзгі элегия»

Ақындар сүйіп жырға қосатын алтын күз – лирикалық музыка жанрындағы элегиялық шығармалармен үндес. Элегия – мөлдір мұңды бояудағы ән-толғау. Күз түссе, өтіп кеткен жазды ойлап мұңаямыз, артта қалған кездесулер мен қоштасуларды еске алып, қалың ойға шомыламыз.

Өлеңмен жазылған көптеген мұңды шығармалар тамаша романстарға айналды, атап айтсақ, Е.Баратынский мен М.Глинка бірлесе жазған «Не искушай меня без нужды...», А.Пушкин – А.Бородиннің «Для берегов отчизны дальной...» шығармалары  және т.б. ХIХ ғасырдың орта тұсында, әсіресе орыс композиторларының шығармашылығында аспаптық элегиялар кең тарады. Әсіресе, музыка сүйер қауым үшін Ж.Массненің элегиясы ең танымал туындыға айналды.

Концерт бағдарламасында вокалдық, аспаптық және поэтикалық шығармалардан элегиялық әуендер орындалатын болады. Ж.Массне, П.Чайковский, С.Рахманинов және тағы басқа композиторлардың таңдаулы музыкасын опера солистері мен аспапшы-музыканттар көрермен назарына ұсынады.

 

Концертке қатысушылар:

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Нарұл Тойкенов (тенор)

Мақпал Бекмұхамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Асқар Мұқанов, халықаралық байқаулардың жеңімпазы (виолончель)

 

Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың жеңімпазы

Раушан Бескемпірова

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция  орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады