Scorpions в Алматы

Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА (ХІХ-ХХ)

2017 жылғы 8 ақпанда «Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)» атты фортепиано және камералы-аспаптық музыка концерті өтеді.

Ғасырлардың өзара алмасуы – күнтізбелік құбылыстан қана емес, ХІХ және ХХ ғғ. аралығындағы басты тоғысу – Бірінші әлемдік соғыспен қатарлас келді. Түбірлі уақыт музыкасы бұрынғы тұтастығын жоғалтып, алуан түрлі бағытта және көптеген тілдерде сөйлей бастады.

Концерт бағдарламасында ХІХ ғасырдың соңғы жылдары туған А.Скрябиннің фортепианолық шығармалары мен ХХ ғасырдың екінші онжылдығында жазылған Э.Элгардың скрипкаға арналған сонатасы орындалады. Алайда араларын ажыратқан отыз шақты жылға қарамастан, олар ХІХ ғасырдың романтикалық дәстүрлерімен тығыз байланыста.

Сонымен қатар, Элгардың кеш туған «романтикалық» Сонатасынан бір жыл бұрын жазылған, ХХ ғасырдың батыл дауысы аталған С.Прокофьевтің Үшінші фортепианолық сонатасы орындалады.

Тыңдармандар К.Дебюссидің кларнет пен фортепианоға арналған рапсодиясын тыңдайды. Таңғаларлық жай – 1910 жылы жазылған бұл шығармада ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ұштасқан өткен мен болашақ екі дәуір қиысқан.

 

Орындаушылар:

Вячеслав Узбеков, Эльмира Сұлтанғазина, Данияр Есімханов,

Гүлдана Төлепберген, Ильяс Узбеков (фортепиано)

Балнұр Құдайберген (скрипка)

Алмаз Тоқпанов (кларнет)

 

БАҒДАРЛАМА

А.Скрябин.

Прелюдиялары. 11-ші шығ. (№13, №14, №21, №22, №24)

Вальс. Ля-бемоль мажор, ор.38

№1 альбомының парағы, ор.45

Соната-фантазия №2, ор.19

 

С.Прокофьев. №3 соната, ля минор, ор.28

К.Дебюсси. Кларнет пен фортепианоға арналған №1 рапсодиясы (L 116)

Э.Элгар. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ми минор, ор.82

 

Концерт ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады