rebranding

Итальяно аморе және аз ғана түсініспеушіліктер

Итальяно аморе и маленькие недоразуменияСпектакль негізіне «Не всякий вор грабитель» атты Фоның комедиялық пьесасы алынған, онда сәтсіз жоспарланған ұрлық пен...опасыздық жайлы әңгімеленеді. Байлар пәтеріне ұры кіреді. Үйдің бос екеніне мүлдем күмәні жоқ қылмыскер асықпайды: қабына құнды заттарды салып, оған қоса телефон қоңырауларына да жауап беріп, әйелімен сөйлесіп жатады...Және де тіпті қабырғаның ар жағында неке адалдығын бұзушы жұбайлар махаббат рақатына бөленіп жатқанын аңғармайды да. Кейіпкерлер қапыда бас салған сәтінде өздерін қалай ұстар екен,  және бұл жерде кім қылмыскер сонда? Спектакль дель арте комедиясы рухында жасалған, ол Италияның ұлттық өнерінің ескі  жанры және әртістердің арнайы бетперделерді қолдануын білдіреді. Спектакль режиссері – әртіс Владимир Жуков. Қойылымда рөлдерді сомдаған ресей театрының жұлдыздары - Мария Голубкина, Наталья Бочкарева, Евгений Воскресенский және басқа да әртістер. 

Билеттерді қайтаруға және ауыстыруға болмайды