Jullien Dassin

Гала-балет

 

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет.

Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

 

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

 

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VІII маусым

16 / 18 мамыр * жексенбі / сейсенбі * 18.00 / 19.00

ГАЛА-БАЛЕТ

2021 жылғы 16 және 18 мамырда Үлкен залда Гала-балет өтеді.

Көрермендерді «Астана Опера» балет әртістерінің орындауындағы театр репертуарынан классикалық, неоклассикалық және заманауи қойылымдардың үзінділері ұсынылған концерттік бағдарлама күтеді.

 

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

 

 

БАҒДАРЛАМА

І бөлім

А. Глазунов. «Раймонда» балетінен гран-па. М.Петипаның хореографиясы

Олжас ТАРЛАНОВ, Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, балет әртістері

 

«Дала үні» балетінен дуэт. Қ.Шілдебаевтің музыкасы. П.Бананың хореографиясы

Аделина ТӨЛЕПОВА, Жәнібек АХМЕДИЕВ

 

А.Адан. «Корсар» балетінен па-де-скляв. М.Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ф.Шопен. «Шопениана» балетінен жетінші вальс. М.Фокиннің хореографиясы

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ (алғаш өнер көрсетуі), Олжас ТАРЛАНОВ

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен сыған биі. М.Петипаның хореографиясы

Наталья КОНДЯ, Қуат КӘРІБАЕВ, балет әртістері (16.05)

Назира ЗАЕТОВА, Қуат КӘРІБАЕВ, балет әртістері (18.05)

 

А.Адан. «Корсар» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Арман УРАЗОВ

 

* * *

 

ІІ бөлім

Л.Минкус. «Баядерка» балетінен Көлеңкелер көрінісі. М.Петипаның хореографиясы

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балет әртістері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады