
Шырмауық
Сипаттама
Адамзатты бомбасыз да жоюға болады. Азғындық жолымен. Оған апаратын шырмауық жол нашақорлық. Үмітін үкілеп таққан отбасының жалғызы нашақорлықтың шырмауына шырмалып, ата-анасын ажалынан бұрын мәңгілікке аттануына себепкер болды. Жаһанданудың жалмауызына айналған нашақорлық апатының алдын алуға бола ма? Әлемді ат тұяғымен тітіреткен, егеулі найза қолға алған бабалар ұрпағы бүгінгі таңда не себепті азғындану жолына жеңіл ұшырауда? Қойылым осы сұрақтарға жауап іздейді.
Өткізу орны
Шымкент қ., Назарбаева, 6, Ж. Шанин атындағы қалалық Қазақ драма театры
Спектакльдің авторы
Рахымжан Отарбаев
Қоюшы Режиссер
Жұмабек Есімов
Қоюшы Суретші
Қалтөре Жұмақұлов
Жанр
Драма
Ұзақтығы
80 минут
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 2СәуірСәрсШанин атындағы қалалық қазақ драма театрыЗалбастап 700бастап 700