Jullien Dassin

Қанатты Барыс

Автор: М.Дүйсенбайұлы  

Режиссёр: М.Малдыбаева

Актерлар: 

Қошақан – Мұсақұлов А.

Лақ – Бимұса Р.

Қоян – Өмірзақова Т.

Аю – Рүстембеков Н.

Қасқыр– Тұрдалиев Е.

Көбелек, Тоқылдақ – Жұмабай А.

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 40 мин

Жас санаты: 2+

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай сахналанатын «Қанатты барыс» қуыршақ мюзиклі ұлттық мәдениетті, дүниетаныммен пайым парасатты өркендетудегі рөлі зор қойылым.

Мемлекетіміздің символына айналған орта азиялық барыс - көп халық үшін тектілік пен мықтылықтың символы саналатыны айқын.
Жұлындай жұтынған ортаазиялық Барыс… 

Барыс — сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзінше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар. Ешқашан қапыда қалмайтын аса сезімтал, айбынды қасиетке ие…