Scorpions в Алматы

Көкек ұясының үстінде

Өткен ғасырдағы үздік ағылшын тіліндегі шығармалардың бірі болып саналатын әйгілі американдық жазушы Кен Кесидің кітабына негізделген қазіргі қоғам үшін өте өзекті және қызықты пьеса.  Кітап оқырмандардың бірнеше буынының дүниетанымына әсерін тым асырып бағалау мүмкін емес, себебі онда қоғамның, оның әуестіктері мен кеселдерінің, қателіктері мен жеңістерінің, Жердегі адамның міндеті мен өмір мағынасы туралы мәңгілік сұраққа жауап іздеуінің шағын бейнесі көрсетілген. 

«Көкен ұясының үстінде» қойылымының сюжетінің негізінде басты кейіпкер Макмерфи мен мисс Рэдчет арасындағы ойлар қақтығысы құрылған. Мисс Рэдчет оқиға орын алатын медициналық мекеменің медбикесі атанған екен. Дәл осы жерле жақсылық пен жамандық, абырой мен масқара, адамсүю мен әділетсіздік, әрбір кейіпкерлердің алдында тұратын күрделі таңдаулар туралы баяндайтын психологиялық драма орын алмақ. Комбинат - бұл XX ғасырдың екінші жартысындағы Американың аллегориялық бейнесі, рационалды және мақсатты қоғамдық құрылыстың ұстанымдары басымдылыққа ие болған постиндустриялы қоғамның шағын моделі. Кен Кизидің «Көкен ұясының үстінде» романы бойынша құрылған қойылым әйгілі қазақстандың режиссер, «Алтын маска» марапатының иегері Галина Пьянованың жарқын жобасы саналады. Тұлғалық тәуелсіздік туралы, адам өмірдің ең күрделі және қиын сәттерінде де өз арманын жоғалтпай, қабырғасы қайыспай өзі қалаған адам болып түрлене алатыны туралы баяндайтын қойылым. Шынайы кейіпкерлер, жасырын эмоциялар мен олардың астарлы мағынасы, жан ақтару мен үміттің жаңғыруы - осының барлығы қойылым сюжетінің негізін құраушылары, ал қойылым өз мезетінде осы асылдарымен көрермендерді бей-жай қалдырмасы анық.