Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Сүйем сені, туған елім!

2018 / 2019                   Үлкен зал             VІ маусым

28 қазан * жексенбі * 18.00

Концерт

«Сүйем сені, туған елім!»

Қазақ КСР және КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Дінішев өз концертін Астананың 20 жылдығына арнайды.

Қазақстандық тыңдарманның сүйікті әншісі Әлібек Дінішев таныстыруды қажет етпейді – ол туған жері мен шетелде өзінің ғажайып көркем дауысымен, ерекше әсерлігімен, орындаушылық сыршылдығымен операға, камералық вокалға құмар жандардың жүректерін баяғыда-ақ жаулап алған.

Әлібек Дінішев әнсүйер қауымның жанына жақын болған опера және камералық классика жауһарларын, қазақ, орыс халық әндерін, сондай-ақ естен кетпес ретро туындыларды орындайды.

 

Орындаушылар:

Әлібек ДІНІШЕВ, КСРО Халық әртісі  (тенор)

 

«Астана Опера» театрының хоры және Алматы қаласы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрі

 

Дирижер – Александр БЕЛЯКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады