Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Орыс музыкасының сүйікті шығармалары

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

27 сәуір * жұма * 19.00

Концерті

«Орыс музыкасының сүйікті шығармалары»

«Орыс музыкасының сүйікті шығармалары» концертінде «Астана Опера» солистерінің орындауында опералардан ариялар мен дуэттер, сондай-ақ орыс классик композиторларының (М.Глинка, Н.Римский-Корсаков, П.Чайковский, С.Рахманинов) романстары шырқалады.

 

Орындаушылар:

Жәмиля Жарқымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Татьяна Вицинская, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (меццо-сопрано)

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Азат Мәлік, халықаралық конкурстардың лауреаты (баритон)

Асқар Мұқанов, халықаралық конкурстардың лауреаты (виолончель)

Фортепиано партиясында – халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

 

Концерт қонағы – Мәскеу мемлекеттік академиялық филармония солисті Павел Черных, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (баритон)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады