Түлкі бауыр мен Қоян бауыр (КАТМК)
Сипаттама
«Түлкі бауыр мен Қоян бауыр» - бұл Джоэл Харристің «Римус ағаның ертегілері» шығармасына негізделген ертегі. Бұл ертегідегі батыстың жабайы өмірінде, керемет гүлденген жазық далада Түлкі бауыр мен Қоян бауырдың тату-тәтті өмір сүре алмайтындығы, қақтығыстары қызықты суреттеледі. Осы оқиғалар туралы көрермендерге жазық даланың жас тұрғыны Мисс Джейн айтып бермек.
Түлкі тек Қоянмен күрес жүргізіп қана қоймай, жазық даланың басқа да тұрғындарына маза бермейді екен. Тасбақа тәтенің үйіне сурет салып тастапты, Күркетауық тәтенің жұмыртқаларына қастандық жасап, оларды жеп қоюды көздейді екен, ал арал ұясына су құйып, Аюды балсыз қалдырыпты. Жазық даланың тұрғындары Түлкінің сазайын тарттыру үшін қаншама амал жасапты, алайда жамандықты жамандық жолымен жеңу мүмкін емес. Күркетауық тәтенің жұмыртқасынан туған балапан көзін ашып, Түлкіні досым деп атағанда, қу Түлкі өзінің жалғыздығынан, достарының жоқтығынан осындай бұзақылықтар жасағанын аңғарады. Достарсыз өмір өте қиын! Ертегі барысында көрермен залымен ойын өткізілетін болады.
Сценография
Анара Қажғалиева
Қуыршақ суретшісі
Лариса Ковалева
Хореограф
Владимир Акрачков
Композитор
Евгений Зюбенко
Либретто
Надежда Корниенко
Премьера
2013 жылғы 30 қараша
Ұзақтығы
35 мин
Жанр
сказка
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ
Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз