Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент

Аспандап ұшқан ақ тырна

Аспандап ұшқан ақ тырнаӨтетін орыны: Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы 17, Алақай театры

Премьера күні: ақпан 2011 ж

Автор: Дзюндзи Киносита

Қоюшы режиссёр: Р.Рахимов

Қоюшы суретші: В. Ефарицкий

Жанр: жапон халқының аңызы желісімен

Ұзақтығы: 45 минут

Жас санаты: 13+

Қосымша: Қойылым қазақ тілінде өтеді

 

 

Бұл ежелгі «Тырна қауырсындары» атты жапон аңызы.

Бірде кедей шаруа тырнаны құтқарады. Артынша оның есігін сұлу бойжеткен қағып, оның әйелі болады. Бірде әйелі түнде күйеуіне сыйлық ретінде сөз жетпес көркем де ғажайып сұлу кенеп тігеді.

Ал, ауыл тұрғындары ол кенепті көрісімен оның матасы шынайы тырна қауырсындарынан жасалған, өте қымбатқа бағаланатын зат екендігін айтады. Көкірегін қызғаныш кернегендер шаруаға әйеліңе тағы бір кенеп тіктіріп сат  деп азғыра бастайды. Күйеуінің өтініші бойынша әйелі кенеп тігуге келіседі, бірақ әйелі дүниеде ешкім оның қалай тіккенін көрмеуге тиіс деп шарт қояды.

Бірақ, қызығушылығын жеңе алмаған шаруа шартты бұзып қояды, ал ауылдың ашкөз тұрғындары аспанда жалғыз ұшып бара жатқан тырнаны көреді.

Билет қайтару шарттары: танысу