ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Шымкент
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Аладдин (КАТМК)

Аладдин (КАТМК)

Сипаттама

Аладдин - «Мың бір түн» танымал араб ертегі кейіпкерлерінің бірі. Персидтік қалалардын бірінде кедей тігінші отбасында Аладдин есімді бала болыпты. Бір күні олардың үйіне қонаққа бейтаныс магрибиндік кісі келеді, нәтижесінде ол сиқыршы және қу дуагер Джафар болып шығады.
Ол Аладдинді өз мақсаттарында қолданады: қазына көзінен иегеріне асқан байлық пен қуат беретін сиқырлы шамды алып келу керек. Қазына сиқыршының қолына берілмейтіндіктен, Джафар мұны өзі істей алмайды екен.

Алайда Аладдиннің шытырман хикаялары ол сиқырлы шамның иегері атанғаннан кейін басталады. Будур ханшайым мен Аладдин арасындағы махаббат - «Мың бір түн» ертегілерінің ең романтикалық беттері - жарқын бояулар мен жаңашыл сахналық шешімдерде бейнеленген. Мейрамның әсемдігі мен Шығыс елінің күнделікті өмір салты қойылымның әрбір әуені мен әрбір сәтінде сезіледі. Аладдиннің шытырман оқиғалары туралы туындының соңы жақсы аяқталады.

Бұл ертегі адам өзін-өзі танып, айналасындағы шындықты қабылдай бастаған сәттен бастап, болып жатқан оқиғалар туралы ойлануы, қабылданған шешімдердің дұрыстығы, оның әрекеттері мен пайымдаулары үшін жауапкершілік туралы ойлана бастап, көргендерінің бәрін дұрыс қабылдауы жүретіндігіне дағдыланған.

Бәлкім, біреулер үшін бұл жеті, он, жиырма шақты жылдарға ұзаруы мүмкін... Алайда классиканы тек кітәби нұсқасында ғана емес, театр сахнасындағы, кинолентадағы, әндердегі интерпретацияларында танып білу керек. Бұл туындымен кездесуден кейін әркімнің көңіліне не тоқып, не үйренетіні маңызды. Таңдау әрдайым дұрыс болады деп үміттенеміз!

Арнайы эффектілер ертегілік әсерді арттырды. Қойылым жалпы алғанда ұшқын, ерекше болып шықты. Бірінші қатарда қарапайым махаббат, одан ешкім жасырына алмас. Және де, бәлкім, махаббаттың дәл өзі әлемдегі нағыз сиқыр шығар.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2. (КАТМК)

  • Премьера өтті

    6 желтоқсан 2009 ж

  • Ұзақтығы

    1 сағат

  • Жанр

    музыкалық ертегі

  • Авторы

    Сюзанна Цирюк

  • Режиссері

    Сусанна Цирюк

  • Музыкалық жетекші

    Борис Кузьмин

  • Сахналық дирижер

    Борис Кузьмин

  • Сахналық хореограф

    Владимир Акрачков

  • Дизайнер

    Татьяна Королева

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз