Jullien Dassin

Абай

Ұлы Абай... Оның шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ортасындағы, өз шәкірттері арасындағы жақсыны көре-тани білген, ғашықтықты бағалай, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі бір төбе ұлағат.

Суық жылдар қойнауында халық зарына – зар, халық тілегіне – тілек қосқан ұлы гуманистің өршіл бейнесі дауылды теңіз бетінде талмай қалықтаған сұңқарды көз алдыңызға әкеледі. Айдар мен Ажардың басын арашалап қалу, жуандықтың жеңілуі, әділеттің салтанат құруы. Бұл – халық жеңісі, халықтың сүйікті ұлы Абайдың жеңісі!

Сол жеңіске сіздерді куә болуға шақырамыз, қадірменді көрермен!