rebranding
97 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту жәнеархив ісі басқармасы «Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК

Мекен-жайы: Семей қаласы, Достоевский көшесі,118

Байланыс: 8 72 22 52 19 42, 8 72 22 32 83 00

Жұмыс кестесі: 9.00 - ден 18.00-ге дейін, Сейсенбі-жексенбі

  • Экскурсия уақыты  9.00 дан 17.00 дейін
  • Дүйсенбі-демалыс күні
  • Әр айдың соңғы жұмасы-тазалық күні
  • Айдың екінші сенбісінде музейге кіру құны -Тегін


Жас шектеуі: жоқ

Ұзақтығы: 45 минут

Келу ережелері: 

- шуламаймыз

- экспозиция залына балмұздақ және шырындар мен кіруге болмайды

-тек жарықсыз фотоға түсуге болады.

-бейнебақылауға түсіру тек әкімшіліктің рұхсаты мен ғана іске асады

- шешінетін орынға рюкзактар, саяхат сөмкелерін қалдырыңыз

 

Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі біздің қаламызда Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 7 мамырындағы 261 Қаулысы негізінде ашылған.

Ресейден тыс, қазақ жерінде орналасқан біздің қаламыздағы жалғыз Достоевский музейі.

Музейдің негізі 1838 жылы салынған екі қабатты ағаш үй, Республикалық тарихи және мәдени маңызы бар мемлекеттік тізімде №6 болып тұр. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музей үйі, бұрынғы почташы Лепухиннің, 1857-1859 ж.ж Ф.М.Достоевский жалдап тұрған үй.

Жетпісінші жылдары үйге екі қабатты құрылыс жасалды, сонымен қатар скульптор Д.Элбакидзенің композициясы «Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің» қоладан жасалынған мүсіні қойылған.

Федор Михайлович Достоевский Омбыдағы түрмеде отырғанына 4 жыл болған соң Семейге жіберілді, онда ол қарапайым 7-ші Сібірлік сызықты батальон ретінде қызмет етуге тиіс болатын.

Біздің қаламызда бес жылдан астам уақытын  өткізді: 1854 жылдың наурызынан 1859 жылдың шілдесіне дейін

Осы уақыт ішінде ол қатардағы жауынгерден  бастап, офицерге дейін өтті, және біздің қаламызда ол өзінің  бірінші әйелін  кездестірді. 1857 жылдың ақпан айында Кузнецк қаласында Мария Дмитриевна Исаевамен некелесті. Үйлену тойынан кейін бірден Семейге оралды, олар тағы екі жарым жыл бойы Крепостной көшесіндегі  почташы Лепухиннің үйінде тұрды.

Осы бір жарым қабатты үйден Семей қаласындағы  Ф.М. Достоевский музейінің тарихы басталады.

Музей 1971 жылы, әлемде жазушының туылғанына 150 жылдығы кеңінен тойланып жатқанда ашылды. 1971 жыл 7 мамыр. Ашылу сәтіне дейін мұражай бес мыңнан астам құнды әдебиетті, 100-ден астам қолтаңбасы бар басылымдарды, әлем халықтарының тілдерінде ондаған Достоевскийдің кітаптарын жинады. Қазіргі екі қабатты ғимарат жартысы ашық кітап түрінде салынған. Мұнда әдеби экспозиция, қор сақтау бөлімі, кинозал және ғылыми кітапханасы орналасқан. Қазіргі заманғы құрылыс пен мемориалдық үйді уақыттардың байланысы ретінде шыныланған вестибюль біріктіреді. Музей жанында мүсінші Д. Элбакидзенің "Ф.М.Достоевский мен Ш.Ш.Уәлиханов" қоладан жасалынған мүсіндері орнатылған- тағдырлары осы жерден байланысқан орыс және қазақ халықтарының даңқты ұлдары.

Өзінің тарихында  музей  27269 сақтау бірлігіне, керемет бай қорға ие болды. 

Музей қорында Ф.М.Достоевскийдің қолтаңбасы бар бірегей құжат сақталуда, сирек кездесетін басылымдары, жазушының шығармалары және оның замандастарының үлкен коллекциясы кітап қолтаңбалары, кең мемуарлы әдебиет, төңкеріске дейінгі әдебиеттану және т. б.

Музей жыл сайын 15 мың келушілерді  қабылдап,  орташа есеппен 1000 экскурсия жүргізеді. Көпшілік бөлімінің әртүрлі формадағы жұмыстары: тақырыптық экскурсия, сабақтар, дәрістер, әдеби-музыкалық кештер, балаларға арналған әдеби-ойындар, қала мектептері оқушылар арасында әдеби сайыстар, әр 2 ай сайын стационарлық  жаңа көрмелер ашылады.

Музей  қызметкерлері ғылыми әдістемеліктер, публикациялар, хабарламалар болып саналатын үлкен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырады. Ұзақ жылдар бойы музей үлкен ғылыми-анықтамалық орталық болып табылады. Бірақ оның басты мақсаты – қазақ жерінде  әлемдік әдебиеттің ұлы данышпаны туралы естеліктерді сақтау.

Стоимость:

Кіру бағасы топ
1-4 сынып оқушылары 100 тг.  
5-11 сынып оқушылары 150 тг.  
Зейнеткерлер 150 тг.  
Студенттер 200 тг.  
Ересектер 500 тг.  
Балалар үйлері мен интернаттарының тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі адамдар және еріп жүрушілер, мерзімді қызмет сарбаздары 0 тг.  
Экскурсиялық қызмет көрсету 1000 тг. 15 адамнан аспайтын топ
Тақырыптық экскурсия 3000 тг. 15 адамнан аспайтын топ

Входная плата Открытые фонды: 

Кіру бағасы топ
Зейнеткерлер 150 тг.  
Студенттер 200 тг.  
Ересектер 500 тг.