Jullien Dassin

Олар, терезе және өлік

Романтикалық кездесу әдетте немен аяқталады? Әрине, бұл сұрақтың жауабы барлықтарыңызға анық. Алайда бұл оқиғада бәрі басқаша болмақ. Парламент депутаты Ричард Уилли оппозицияның жас хатшысымен бірге Вестминстер қонақ үйінің люкс бөлмесінде романтикалық кеш өткізуді шешті. Керемет бөлме, әдепті қызметкерлер, керемет қызмет көрсету және де жас көңілдес - кешті ештеңе де бұза алмастай көрінді. Бұл оқиғада шағын уақыт өткізу нағыз сұмдыққа айналмақ. Өлік, қызғаншақ күйеу, ашкөз даяшы және басқа да кедергілер махаббат іздеген депутаттың көзіне күйік болары анық. Басты кейіпкер ушыққан жағдайды реттеп, судан ақ, сүттен таза болып шыға алады ма екен?