Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Лифт

Біздің заманда адамның құны қанша тұрады?  Түбі қайдан шыққанын білмейтін «тексіздер армиясын» ұлғайтып жатқандар кімдер?..

Бүгінгі қоғамның ең үлкен һәм аса қатерлі дерті – жетім бала, тастанды ұрпақ пен тамыр тексізденуінің негізгі түйткілдеріне психологиялық тұрғыдан терең талдау жасайтын қойылым,  көрермен көкейіндегі кезек қүттірмейтін осындай өзекті мәселелерге жауап іздейді. Өмірдің ащы ақиқатын өнер арқылы жас ұрпақ санасына сіңіруге талпынады.   

«...Міне, Сіздерге бомба!.. Бізге атом бомбасын тастап әуреге түсудің қажеті жоқ. Біз өзімізге-өзіміз ұзақ мезгілдік, түп-тамырды жоятын  бомба тастап жатырмыз! «Мәңгүрттену бомбасы»?!! Айтыңыздаршы, мәңгүрттенген қоғамда кімді соттауымыз керек?!.»

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

 

Қыз – Наурыз  САБАҒАТОВА

           Саида МАКСУМОВА

 

Хатшы – Жандаулет  БАТАЙ

                Нұрбек ӘЛІБЕК

                Бекжан КЕРІМБАЕВ

 

Айдауыл – Данияр  УРАЗАЕВ

                   Шыңғыс ЖАҚЫПБАЙ

                   Әбутәліп ӘМІРЕ

 

Әйел – Айнұр  РАХИПОВА

            Айым ЖҮСІПБЕКОВА

 

Еркек – Ғани  ҚҰЛЖАНОВ

             Азамат ЭСҚҰЛОВ

             Бахыт ХАДЖИБАЕВ