98 человек за последний час интересовались этим событием.

Корсар

Адольф Адан

«КОРСАР»

Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет

Мариус Петипаның хореографиясы, Алтынай Асылмұратованың редакциясы

(Петр Гусевтің хореографиясы қолданылған)

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Үлкен залы

•           Күні мен уақыты: 17, 18 наурыз 2020 ж.  /  сейсенбі, сәрсенбі  /  19:00

•           Ұзақтығы: 2 сағат (бір үзіліспен)

•           Жас шектеуі: 10+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 10 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы хореограф – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

 

 

Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.

Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР

Медора                   Әнел Рүстемова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (17.03) /

                                    Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (18.03)

 

Конрад –                   Олжас Тарланов (17.03) / Арман Оразов (18.03)

 

Исаак Ланкедем –   Еркін Рахматуллаев (17.03) / Серік Нақыспеков (18.03)

 

Сеид-паша –             Рахметолла Науанов (17.03) / Жанәділ Бейсембиев (18.03)

 

Гюльнара –              Әсел Шәйкенова (17.03) / Шұғыла Әдепхан (18.03)

 

Құл Али                 Диас Құрманғазы (17.03) /

                                    Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (18.03)

 

 

«Астана Опера» театрының балет және миманс әртістері,

симфониялық оркестрі

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады