Jullien Dassin

Тамсандырған Моцарт әуендері

Тамсандырған Моцарт әуендері

2018 жылдың 10 қаңтарында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Тамсандырған Моцарт әуендері» концерті өтеді. Кеште ұлы австриялық композитордың туындылары шырқалады.

Бағдарламаға «Астана Операның» Камералық оркестрі мен солист Клим Пак (фортепиано) қатысады. Дирижері – Арман Оразғалиев.

Клим Пак – халықаралық байқаулардың лауреаты, IV Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен Astana Рiano Passion жас пианистер байқауының қатысушысы (жобаның көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев).

Astana Рiano Passion байқауы жас орындаушыларға қолдау көрсетіп, халықаралық шығармашылық байланыстарды арттыруға және классикалық музыканы көпшілікке танымал етуге бағытталған.

Клим Пак байқаудағы өнер көрсетуі кезінде «Астана Операның» Камералық залы сахнасында өтетін концертке қатысу сертификатымен және Астана әкімінің атынан ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қазіргі таңда Астананың тумасы Клим Пак П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыкалық мектепте білім алуда (профессор Н.В.Трулль сыныбы).

 

Бағдарламада:

В.А.Моцарт. Фортепиано мен оркестрге арналған №14 концерт, Ми бемоль мажор (K.V. 449):

1. Allegro vivace

2. Andantino

3. Allegro, ma non troppo

 

 

Концерттің ұзақтығы  1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады.