Jullien Dassin

Шалқар шабыт

«Шалқар шабыт»

«Lotus Bleu» фортепиано дуэтінің концерті

Камералық залда «Lotus Bleu» фортепиано дуэтінің «Шалқар шабыт» концерті өтеді. Дуэт құрамында – пианистер, халықаралық байқаулардың лауреаттары Александра Егорова мен Ая Булатова.

Фортепианолық дуэт жанрының көпжылдық тарихы бар. Біраз уақыт бойы концерттік сахнада фортепиано дуэтінің екі түрі – бір және екі рояльда ойнау үрдісі орын алды. Бүгінгі күнде дуэттің екінші түрі басым және біз концерттерде, Лист пен Рубинштейн заманындағыдай, бір аспапта төрт қолда ойнайтын пианистерді өте сирек кездестіреміз. Екі рояльда орындалатын фортепианолық дуэттің концерттік бағдарламада қалыптасуы бекер емес: екі орындаушының қос аспапта ойнауы арқасында фортепианоның зор мүмкіндіктері одан әрі ұлғайып, осының арқасында көптеген композиторлар оған өз назарын аударуда.

«Lotus Bleu» дуэтінің орындауында XIX–XX ғасырлар шегіндегі композиторлар шығармалары, сонымен қатар жас американдық композитор, пианист, бейнепродюсер әрі жазушы Грег Андерсонның шығармалары ұсынылады.

Бағдарламада:

  1. Макс Регер. Фортепианода төрт қолда ойналатын алты пьеса, ор.94
  2. Эдварг Григ. Норвег биі, ор.35, №1
  3. Витольд Лютославский. Паганини тақырыбына вариациялар
  4. Петр Чайковский. «Ромео и Джульетта» увертюра-фантазиясы
  5. Грег Андерсон. «Кармен-фантазия»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады