Jullien Dassin

«Ақшақар мен жеті ергежейлі»

2021 / 2022 Үлкен зал IХ маусым

4 қаңтар * сейсенбі * 19.00
5 қаңтар * сәрсенбі * 19.00
6 қаңтар * бейсенбі * 19.00

Тибор Кочак

«Ақшақар мен жеті ергежейлі»
Балаларға арналған екі бөлімді балет

Ағайынды Гриммдердің аттас ертегісінің желісі бойынша либретто авторы – Дюла

Харангозо

Премьерасы «Эстония» ұлттық операсында 2008 жылғы 1 ақпанда өтті
«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2021 жылғы 19, 20 қараша

Венгр мемлекеттік операсының қойылымы

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы хореограф – Дюла Харангозо
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Дирижер – Руслан Баймурзин
Сценограф – Кентавр
Костюмдер бойынша суретші – Рита Велих
Жарық бойынша суретші – Михаил Епанчин
Қоюшы хореографтың ассистенті – Бланка Файт
Сценографтың ассистенті – Питер Халаш Г.
Тәлімгер ұстаздар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков,
Ғалия Бегалина, Дамира Зайнуллина, Николай Коршунов
Балет труппасының көркемдік жетекшісі–
Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

Венгриялық композитор Тибор Кочак және хореограф Дюла
Харангозомен жазылған «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балеті оның
авторларына әлемдік атақ әкелді. Спектакль 120 рет Венгр мемлекеттік
операсында, «Эркель» театры мен Сегед қаласында ашық аспан астындағы
фестивальде көрсетілді. Бұл – Эстония, Ресей, Финляндия, Австралия,
Гонконг, Макао сынды елдерде Венгрияның ұлттық мәдениетін сәтті паш
етіп жүрген заманымыздың анағұрлым жиі сахналанатын балеттерінің бірі.
Ағайынды Гриммдердің «Ақшақар мен жеті ергежейлі» ертегісін
білмейтін бала жоқтың қасы. Ол – жетім ханшайым мен үнемі айнадан
«әлемдегі ең сұлу кім?» деп сұрайтын оның зұлым өгей шешесі туралы оқиға.

Бойжеткен Ақшақарға деген қызғаныш патшайымды қастандыққа
итермелейді – ол қызметшісіне қызды орманға апарып өлтіруді бұйырады,
алайда ханшайым ергежейлілердің үйінде жасырынып үлгереді. Ақшақарды
өгей шешенің қудалауынан кім және қалай құтқаратынын кішкентай
көрермендер (сондай-ақ үлкендер де) жақсылық пен жамандық, сенгіштік,
кіршіксіз әрі шынайы махаббат туралы баяндайтын осынау балет-ертегіден
білетін болады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Ақшақар – Мәдина БАСБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Бақытгүл ИСПАНОВА /
Аделина ТӨЛЕПОВА
Ханзада – Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ /
Данияр ЖҰМАТАЕВ /
Далер ЗАПАРОВ

Патшайым – Гауһар УСИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Еркежан ЖҮНІСОВА /
Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аңшы – Айбар ТОҚТАР /
Арман УРАЗОВ /
Олжас ТАРЛАНОВ

Мыстан – Қуат КӘРІБАЕВ / Ильдар ШАКИРЗЯНОВ
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:
Аңқау – Сұлтанбек ҒҰМАР / Бейбарыс АҚАРЫС
Көңілді – Нима ТОКОВ / Жансерік АХМЕТОВ
Ақылды – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ / Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ
Ұрысқақ – Бақытжан ТАЛҒАТҰЛЫ / Қуат КӘРІБАЕВ
Түшкіргіш – Олжас ӘНУАРБЕК / Евгений РЫБКИН
Ұйқышыл – Жаннар НАРЫНБЕКОВ / Ислам ТҰРҒАНОВ
Кішіпейіл – Абзал НҰРМАХАН / Санжар ӘУБӘКІРОВ

ЖЫН-ПЕРІЛЕР:
Күлгін – Үміт ТОҚТАРБАЕВА / Нұрай НҰРСАФИНА
Жасыл – Әмина МҰСТАФАЕВА / Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА
Қызыл – Мао СУДО / Әнел ЕСҚАЛИЕВА

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады