«Мамочкино моласы»
«Сіз Қазақстанда орналасқан Мамочкино моласы» деген жерді білесіз бе? Егер білмесеңіз онда спектакль дәл сол мола туралы айтатын болады.
Бұл молада «КарЛаг» тұтқындары - әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген.
«Мамочкино моласы» - бұл қазақ, жерінде 1931-40 ж. аралығында болған қуғын-сүргін құрбандарының, Алаш қайраткерлерінің ұрпағының балаларының жаткан мекені.
Репрессия – тек қазақ зиялыларын ғана емес, олардың тым кішкентай балаларына қара бұлт төндірді.
Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мәселен, 1941-1944 жылдары 924 бала, ал, 1950-1952 жылдары 1130 сәби опат болған…
..Кімге ол күннің обалы?
Балалығын ұрлады, қызықтарын тонады.
Ессіз ғасыр адамзаттың алдында – жауап берген жоқ әлі.
Көкті кезіп кеткен кезде жыр құсым,
Мен олардың танып алғам түр-түсін.
«Мамочкино моласынан» естимін –
Сақ-сақ еткен сабилердің күлкісін.