97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Құлагер. Петропавлға гастрольдік іс-сапар

Өмір – арпалыс, күрес, жарыс... Аламан – бәйге.

Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.

Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине...

Аттың шабысы – ол, адам шабысы.

ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.  

«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ...