Гала-концерт
III Халықаралық балет әртістерінің байқауы
Астанада 2016 жылдың 10-17 қыркүйегі аралығында III Халықаралық балет әртістерінің байқауы өтеді. Қазақстанның жас астанасына алыс және жақын шетелдерден қатысушылар келеді.
Байқау «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры негізінде өтетін болады. Байқау құрылтайшысы – «Балет және ұлттық биді дамыту мен қолдау Қоры» жеке қоры.
Шығармашылық сайыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- хореографиялық өнерді дәріптеу;
- классикалық балет дәстүрлерін сақтау және дамыту;
- дарынды жас әртістерді анықтау және ынталандыру,
- Қазақстанның мәдени беделін арттыру.
«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілік етуіндегі байқаудың қазылар алқасы жұмысына түрлі елдерден келген әлемге танымал – бишілер мен балетмейстерлер қатысады.
Астанадағы III Халықаралық балет әртістері байқауының салтанатты ашылуы 10 қыркүйекте өтеді.
Байқаудың өткізілетін күндері:
Ӏ тур – 12 қыркүйекте сағат 14.00-17.00 дейін
ӀӀ тур – 14 қыркүйекте сағат 15.00-17.00 дейін
ӀӀӀ тур – 16 қыркүйекте сағат 15.00-17.00 дейін
Гала-концерт – 17 қыркүйекте сағат 18.00-20.30 дейін