rebranding

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕCІ 

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕCІ

 

  1. Филармония концерттеріне билет ала отырып, көрермен осы Ережелермен келіседі және Филармонияның концерттік залдарында қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенеді.
  2. Филармония ғимаратына кіргізу концерттің (іс-шараның) басталуына бір сағат қалғанда билеттер бойынша жүргізіледі. Бірінші қоңыраудан кейін, концерттің (іс-шараның) басталуына 30 минут қалғанда көрермендер залға кіріп, билеттерде көрсетілген орындарға орналаса алады. Үшінші қоңыраудан кейін партер мен амфитеатрға өтуге рұқсат етілмейді. Кешігіп келген көрермендерді зал бақылаушысы балконға немесе кез келген бос орынға жайғастырады.
  3. Филармония есіктері концерт басталғаннан кейін 20 минуттан соң жабылады.
  4. Концерттерге (іс-шараларға) билеттерді сату филармония басшылығы бекіткен орындарға жүзеге асырылады.
  5. Келуші билетті концерт біткенше сақтауға міндетті.
  6. 6 жасқа дейінгі балалар кешкі концерттерге (іс-шараларға) жіберілмейді.
  7. 12 жасқа дейінгі балалар концерттерге тек ересектермен бірге кіре алады.
  8. Қауіпсіздік мақсатында залға өртке қауіпті, тез тұтанғыш, жарылғыш, улы, қадалғыш және тілгіш заттарды, сондай-ақ пиротехникалық жабдықтарды, есірткі, алкогольдік сусындарды, ірі габаритті заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.
  9. Әкімшілік алкогольдік масаң күйдегі адамдарды филармония аумағына кіргізбеуге құқылы.
  10.  Залға сыртқы киіммен, ірі габаритті заттармен, сусындармен, азық-түлікпен, пиротехникалық құралдармен кіруге тыйым салынады. Тыңдаушылардың сырт киімдері мен ірі габаритті заттары гардеробқа тапсырылуы тиіс (бір нөмірге бір киімнен артық емес). Келушілердің гардеробқа өткізілмеген жеке заттары концерт кезінде жоғалған жағдайда филармония әкімшілігі  жауап бермейді.
  11. Концерт тыңдаушыларына филармония басшылығының ресми рұқсатынсыз фото-, аудио-, және бейнеаппаратураларды пайдалануға тыйым салынады.
  12. Көрсетілген талаптарға бойсұнбаған тыңдаушылар билет құнының өтемақысыз концерт залынан шығарылып жіберілуі мүмкін.

               Көрермендердің, әртістер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін филармония аумағында бейнебақылау камералары орнатылған.

Түсінікпен қарағандарыңызға рахмет!

Әкімшілік