Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Күздің романтикалық әуендері

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

КҮЗДІҢ РОМАНТИКАЛЫҚ ӘУЕНДЕРІ

Аспаптық әрі вокалдық музыка кеші 

4 қазан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Күздің романтикалық әуендері» концерті өтеді.

Музыкалық кеште Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Рүстем ХАМИДУЛЛИН (виолончель) және «Астана Опера» театрының солистері – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ескендір Әбжанов (баритон), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Рахымжан Баспаев (фортепиано) өнер көрсетеді.

Рүстем Хамидуллин – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық, бүкілресейлік және республикалық байқаулардың лауреаты, музыканттар әулетінен. 1989 жылы Уфа қаласында дүниеге келген. Уфадағы арнайы музыка колледжінде, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында білім алды (ұстазы Владимир Тонха). Владимир Спиваковтың Халықаралық қайырымдылық Қорының «Жаңа есімдер» қайырымдылық бағдарламасының стипендианты. 2008 жылы Базель жоғары музыка мектебіне, профессор Иван Монигеттидің сыныбына қабылданды. Қазіргі уақытта Штутгарттағы жоғары музыка және театр мектебінде, профессор Кондрадин Бротбектің сыныбында шеберлігін шыңдауда. 2014 жылы ІІ Бүкілресейлік музыка байқауы мен Гисборндағы халықаралық байқауда (Жаңа Зеландия) жеңіс тұғырынан көрінді, сондай-ақ Градец-над-Моравицей сарайында өткен Бетховен атындағы 52-Халықаралық фестиваль әрі байқауында ІІ орынды иеленді (Чехия). Базель симфониялық оркестрінде, 2015 жылдың қаңтарынан бастап Германияның Оңтүстік-Батысындағы радионың симфониялық оркестрінде тәжірибеден өтті. Рүстем өткен ғасырдың басында жасалынған, шебер Ромео Антониаццидің аспабында ойнайды.

 

Бағдарламада: Ф. Шуберт, Р.Шуман және И.Брамстың шығармалары

 

Жүргізуші – Сәуле Мәулетова.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады