Scorpions в Алматы
98 интересовались событиями этого объекта за последний час.

Өзбек драма театры Шымкент қаласы

Продажи на репертуар театра скоро откроются.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Ибрагим ата көшесі, 118/21

Байланыстар: +7(7252)26-14-93, 8(702)502-01-73

Өзбек драма театры 2003 жылдың 14 наурызында құрылды. Театр директоры-Икрам Хашимжанов, режиссері-Қуандық Қасымов.

Көпұлтты Қазақстанда қазақ театрымен қатар орыс, ұйғыр, көрей, неміс және өзбек театрлары жұмыс істейді. Осы театрлардың ішінде Қазақстанда тұратын өзбек ұлтының өкілдері үшін Шымкент қаласының Сайрам ауылында өзбек драма театрының ашылуы елеулі оқиға болды. Театрдың ашылу салтанатына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Өзбек драма театрында отандық шығармалармен қатар, шетелдік классиктердің үздік шығармалары да қойылады. Бүгінгі таңда театр сахнасында «Темір қатын», «Сиқырлы алма», «Таң атқанда», «Ерлік ана», «Қалыңдықтың көтерілісі», «Күшік күйеу», «Қырмызы алма», «Инабатты келіншек», «Улы тамшылар», «Өмірдің соңындағы бақыт», «Үйлену тойы», «Зордан шыққан көтеріліс» және т. б. спектакльдерді тамашалауға болады.