Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі
Мекенжайы: Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108
Автобустарымен жетуге болады: № 2, 5, 17, 20, 29, 35
Аялдама: «Жастар Сарайы»
Аңықтама телефоны: +7 (7222) 35-39-09, 35-49-64
Факс: +7 (7222) 35-49-64
Электрондық пошта: [email protected]
Жұмыс тәртібі: сейсенбі-жексенбі: 10:00 — 17:30, демалыс күні –дүйсенбі
Музей тарихы
Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы құрылды. Қазіргі күні Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі орындардың бірі. Мұражай жинағы салыстырмалы тұрде шағын, дегенмен, өзінің құрамы және көркемдік құндылығы тұрғысынан өнер зерттеушілері мен мамандар үшін өте қызғылықты. Экспозицияда XVIII ғасыр аяғындағы XX ғасыр басындағы орыс өнерінің даму жолы жеткілікті баяндалады. XVI ғасыр аяғы XX ғасыр басындағы батысеуропа кескіндемесі мен графикасы бөлімі провинциялық қала жағдайында зор мәртебелі маңызды мақтаныш.
Мұражай экспозициясын XX ғасыр ТМД елдері Ресей, Орта Азия, Грузия, Армения, Белорусь - өнерімен аяқталады. Мұражайдың бітім болмысын революцияға дейінгі орыс өнері айқындайды. Экспозицияда барлық ірі шеберлердің картиналары қойылған. Бұған 1988 жылы Невзоровтар отбасының мұражайға тартқан тартуы мұрындық болды. Юлий Владимирович Невзоров пен оның жұбайы Антонина Михайловна, қызы Юлия Юрьевна 500-ден астам орыс, кеңес, шетел өнері туындыларын сыйға тартты.
Невзоровтар отбасының жинағының тарихын тереңнен, сонау XIX ғасырдан бастайды. Ю.В. Невзоров атасынан, әкесінен мұра болып қалған картиналарын толықтырып, байытты. Қазіргі экспозиция келбетіне Юлий Владимирович өзі ұлесін қосты. Пассионар, қажымас коллекционер, өнерді нәзік әрі жоғары бағалай білетін жан, көптеген жылдар жинақталған материалдары жүйелеп, күллі мәліметті мұражай қорына тапсырды, осылайша ғылыми зерттеушілік көмегін көрсетті. 1991 жылы мұражай Невзоровтар отбасы атауы берілді. 1995 жылы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Алғашқы күннен бастап, мұражай қорды жинақтаумен айналысты. Соның нәтижесінде мұражай жинағына орыс, шетел және қазіргі заманғы өнер туындылары Мәскеудегі, Санкт-Петербургтағы, Алматыдағы жеке жинақтарынан келіп түсті. Мұражайдың жинақтау қызметінде Қазақстан бейнелеу өнері коллекциясы ерекше орын алады. Алғашқы күннен бастап еліміздің жетекші суретшілерімен өнертанушыларымен байланыс орнатылды. Осының нәтижесінде біздің Республикамыздың бейнелеу өнерінен хабардар етерлік коллекция жинақталды. Мұражай қорында 5500-ден астам өнер туындысы бар болса, соның 2500 экспонаты Қазақстандық бейнелеу өнері жайлы баяндайды. Мұражай қызметкерлері үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Мұражай қоры зерделеніп, каталогтар, жолк-рсеткіштер баспадан шықты.
Мұражайдың бұқаралық насихат қызметі Шығыс Қазақстан облысымен шектелмейді, коллекциялар көрмесі ел ордамыз Астанада, Алматыда, Павлодарда, Өскеменде көрермендер назарына ұсынылды. Мұражада лекторий, балалардың көркемсурет студиясы жұмыс істейді, концерт залында классикалық музыка кештері өткізіледі.
Мұражайдың реставрациялық шеберханасында кескіндеме шығармаларын қайта жанғырту жұмыстары іске асырылады.
Мұражай XIX ғасыр 70 жылдарында бірінші гильдия көпесі Федор Степанов тұрғызған ғимаратта орналасқан. Бұл құрылыс XX ғасырдың 10 жылдарында аяқталды. Күне ғимараттың интерьері мұражайға сәйкес шежіре тынысына, мүлгіген тыныштықа толы.