Google ad services
98 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

Алматы қаласы тарихының мұражайы

Мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғ., 44

Туған өлкеңіздің тарихы туралы көбірек білгіңіз келсе, Алматы тарихи мұражайы сізге көмектесуге дайын. Ticketon.kz сайтында сізге мұражайдың жұмыс кестесі және маңызды іс-шаралары мен кіру ақысы көрсетілген электронды афиша ұсынылады.


Алматы қаласы тарихи мұражайының 2002 жылы іргесі қаланды, өз қорында 35 мыңнан астам материалды-рухани мәдениет ескерткіші бар.

Экспонаттардың арасында негізінен ХІХ ғ аяғы - ХХ ғ басындағы заттар қойылған. Оның ішінде:

  • Археологиялық қазбалар
  • Тұрмыс заттары
  • Киімдері 
  • Қолөнер мен кескіндеу үлгілері
  • Құжаттар мен фотоматериалдар, атақты тұрғындардың жеке мұрағаттарынан алынған.

Көрменің экспозициясы қаланың көнеден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы маңызды тарихи өркендеуін қамтыған.
Алматыдағы тарихи мұражайдың қызметкерлері жүргізетін экскурсиялық бағдарламалар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қаланың табиғи климатының ерекшеліктері, архитектуралық ескерткіштер мен атақты тұрғындар жайлы қызықты оқиғаларға толы. Экскурсияның әрқилы тақырыпта жүретіндігікез-келген жастағы келушілердің өзіне лайықтысын таңдап алуына мүмкіндік береді.


“Тикетон” онлайн-қызмтінің көмегімен мұражайдың жұмыс кестесін және әр жастағы топтардың кіру ақысын білуге болады, сондай-ақ нақты уақыт режимінде билеттер сатып алуға болады.