97 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

QAZAQCONCERT

Күні Уақыт Зал Бағасы
23.12.2024 19:00 Концертный зал от 2 000 тг. Cатып алу
Күні Уақыт Зал Бағасы
24.12.2024 19:00 Камерный зал от 2000 Cатып алу
Күні Уақыт Зал Бағасы
25.12.2024 19:00 Концертный зал от 1 500 тг. Cатып алу
Күні Уақыт Зал Бағасы
26.12.2024 19:00 Концертный зал от 1 500 тг. Cатып алу
«№13» КОМЕДИЯСЫ   комедия
Күні Уақыт Зал Бағасы
11.01.2025 18:00 Камерный зал от 1 500 тг. Cатып алу
Күні Уақыт Зал Бағасы
19.01.2025 18:00 Юрта от 3 000 тг. Cатып алу

Мекен жайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 10/1.

Байланыс: 8 (7172) 70-53-03, 8 (7172) 70-52-41

Велосипед тұрағы: ғимараттың алдында

Автотұрақ: 150 орындық тегін тұрақ. Шәмші Қалдаяқов көшесі (Арыс көпірі) жақтан кіруге болады

Автобус аялдамасы: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»

Кіреберіс: Достық көшесі

Касса: 8 (7172) 70-52-56

Буфет: бар

Центральный концертный зал «QAZAQSTAN»

Источник фото: https://www.qazaqconcert.kz/ru/

QAZAQCONCERT

QAZAQCONCERT түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған елордадағы ерекше мәдени кешен. Мұнда әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, тұсаукесерлер жиі өтеді.

Концерт залының авангардтық келбеті музыка мен әсем табиғаттың үйлесімін, елордамыздың рухын бейнелейді. Бірегей құрылымның авторы атақты итальяндық сәулетші Манфреди Николетти.

3500 орындық үлкен концерт залы

Источник фото: https://kazpravda.kz/n/spletenie-traditsiy-i-novatorstva-n3/

Үлкен концерт залының сәулеті мен акустикасы ерекше. Залды өткізілетін іс-шараға байланысты түрлендіруге және акустикасын өзгертуге мүмкіндік беретін барлық функциялар бар. Музыкалық аспап пішінінде жасалған атриумның арқасында залдың акустикалық әсері теңдессіз деуге болады. Сонымен қатар атриумды симфониялық концерт, опера немесе кинокөрсетілім болсын, кез келген шоуға лайықтауға болады. Атриумның іші-сыртына қаптаған арнайы ағаш көрермендерге еш кедергісіз зал акустикасынан ләззат алуға мүмкіндік береді. Концерт залының еденіндегі паркеттің де төзімділігі жоғары және ол ерекше акустиканы ескере отырып салынған.

Сахна залдағы ең ерекше орын (ауданы 274 шаршы метр). Ол екі бөлікке бөлінген. Алдыңғы бөлігі оркестрге арналған және оркестр музыканттарына арналған бөлек есіктері бар.

Атриумның айта кететін тағы бір ерекшелігі – оны кішірейтуге болады. Төбедегі арнайы құрылғыларға (ферма) перделерді ілген кезде залдың жоғарғы деңгейіндегі галереяны, сонымен қатар үшінші деңгейдегі балконның кейбір секторларын жабуға болады. Осылайша, 3500 орындық зал 2000 орындық залға айналады.

Сахна үстінде, ең ортада америкалық «Ренкус-Хайнц» компаниясының жалпы қуаттылығы 25 киловатт болатын дыбыстық кластері орналасқан. Сонымен қатар залдың периметрі бойынша дыбыстың жан-жаққа жақсы таралуын, әр секторға жетуін қамтамасыз ететін 12 фронталдық колонка орналасқан.

Көлемі 14х8 метр болатын кең форматты киноэкранды қолданып, кез келген форматтағы бейнені көрсетуге, түрлі кино-көрсетілімдер мен бейне-таныстырылымдар өткізуге болады.

250 орынға арналған камералық зал Камералық залда 250 орын бар. Керемет акустикасының арқасында бұл зал елордадағы ең жақсы камералық залдардың бірі саналады. Мұнда Қазақконцерттің жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдарының қойылымдары, камералық музыка, джаз, фольклорлық музыка, жас музыканттардың жеке концерттері, тақырыптық, музыкалық, әдеби, мерейтойлық кештер, моно-қойылымдар, шығармашылық кездесулер жиі өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЗАЛЫ Конференц-зал 200 орынға арналған. Бұл мәжіліс залы семинарлар, тренингтер, конференциялар және презентациялар өткізуге өте ыңғайлы.