Репертуар театр им. Муканова

Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары

2018 / 2019                    Үлкен зал            VI маусым

16 қыркүйек * жексенбі * 18.00

Симфониялық концерт

«Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары»

Театрдың Үлкен залында әлемдік танымалдылыққа ие болған музыканттардың орындауындағы еуропалық композиторлардың симфониялық туындылары шырқалатын «Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары» концерті өтеді.

«Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге солистер – виолончелист әрі дирижер Давид Герингас, Дали Гуцериева (виолончель), сонымен қатар Екатерина Лехина (сопрано) өнер көрсетеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

Франц фон Зуппе.  «Ақын және шаруа» увертюрасы

Константин Боярский. Виолончель, сопрано және симфониялық оркестрге арналған концерт-сюита

Солистер:

Дали ГУЦЕРИЕВА (виолончель) – С.Кнушевицкий атындағы Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты.

Екатерина ЛЕХИНА (сопрано) – Пласидо Домингоның «Опералия» Халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты.

Дирижер – Давид ГЕРИНГАС

 

Үзіліс

 

Макс Брух. Виолончель мен оркестрге арналған Kol Nidre

Солист – П.Чайковский атындағы IV Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты (алтын медаль) Давид ГЕРИНГАС (виолончель)

 

Феликс Мендельсон.  №4 Симфония «Итальяндық», ля мажор, ор. 90

«Астана Опера» симфониялық оркестрі

Дирижер – Давид ГЕРИНГАС

 

 

Давид Герингас – әлемге әйгілі виолончелист әрі дирижер. М.Ростроповичтың сыныбы бойынша Мәскеу консерваториясын тамамдады. 1970 жылы Мәскеуде өткен П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың бірінші сыйлығы мен алтын медаліне ие болды.

Өзінің шебер ойынымен, сондай-ақ Бах пен Моцарттан бастап Губайдулина мен Васксқа дейінгі ауқымды репертуарымен кеңінен танымал. Алғашқылардың бірі болып Батыста Ресей мен Прибалтиканың авангардист-композиторларының музыкасын ұсынды. Олардың көпшілігі өз туындыларын музыкантқа арнаған.

Михаэль Гилен мен Вольфганг Заваллиштан бастап Семен Бычков пен сэр Саймон Рэттлге дейінгі атақты дирижерлердің жетекшілігіндегі Берлин филармониялық, Гамбург симфониялық, Бамберг симфониялық, Лондон симфониялық, Филадельфия симфониялық, Эн-Эйч-Кей симфониялық оркестрлерімен бірге өнер көрсетті.

Дирижер ретінде Еуропа, Мексика, Коста-Рика, Исландия, Жапония, Қытай оркестрлерімен жұмыс жасады.

1977 жылдан бастап ұстаздық қызметпен айналысып, соңғы 17 жыл Берлин жоғары музыка мектебінде сабақ береді.

 

Дали Гуцериева (виолончель) дарынды ресей музыканттарының жаңа толқын өкілдеріне жатады. С.Кнушевицкий атындағы Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты. Литва камералық оркестрімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Замандасымыз, ресейлік-британдық композитор Константин Боярскийдің виолончелистке арнап жазған Дауыс, виолончель және оркестрге арналған сюитасы «Астана Опера» сахнасында шырқалады. Жас солист тұрақты түрде Финляндия, Испания, Италия, Чехия концерт залдарының сахнасында өнер көрсетеді. Жақын арада Дания Корольдік оркестрімен бірге Мәскеудегі гастролі, сондай-ақ Владимир Спиваковтың жетекшілігіндегі Ұлттық филармониялық оркестрдің ауқымды халықаралық туры аясында Париж, Брюссель, Амстердам, Лондон қалаларына сапарлары жоспарланған.

 

Екатерина Лехина (сопрано) – ресейлік опера әншісі, Үлкен театр солисі. Вена халық операсында (2016), Берлиннің қос театры – Неміс мемлекеттік операсы мен Неміс операсында, сонымен қатар Ганновер, Дюссельдорф, Тревизо, Гонконг және Бейжің театрларында дебют жасады.

2007 жылы Пласидо Домингоның «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты атанды. 2008 жылы «Гофман ертегілеріндегі» Олимпия партиясымен Ковент-Гарден Корольдік опера театрында алғаш рет өнер көрсетті, ал 2011 жылы «Грэмми» америкалық дыбыс жазу академиясының «Ең үздік опера жазбасы» аталымы бойынша беделді марапатына ие болды.

Қазіргі таңда түрлі ел театрларымен келісімшарт бойынша жұмыс жасауда.

 

 

Концерттің ұзақтығы 1 сағат 40 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады