Театр им. Погодина

Әуенді Еуропа бойынша саяхат

2017 / 2018                 Камералық зал                      V маусым

24 сәуір * сейсенбі * 19.00

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

«Әуенді Еуропа бойынша саяхат»

Әйгілі қазақстандық ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті елорда қонақтары мен өнер сүйер қауымды жаңа бағдарламамен қуантпақ. Оған енген шығармалар көктемгі көңілді әуезбен үндес. Австриялық классик Йозеф Гайдн, орыс романтигі Петр Чайковский және француз импрессионисі Морис Равельдің жарқын, нұрлы әрі өмірге құштарлықты оятатын музыкасы шырқалады.

Концерттің шымылдығын ашатын Й.Гайдннің төртінші ішекті аспаптар квартеті австриялық ұлы тұлғаның соңғы шығармаларына жатады және өзінің тереңдігімен, симфониялық ой-толғамымен ерекшеленеді.

П.Чайковскийдің екінші ішекті аспаптар квартеті – орыс классигінің анағұрлым жиі орындалатын туындыларының бірі. Оның 3-бөлімінің тақырыбын Родион Щедрин «Анна Каренина» балетінің музыкасына пайдаланған, ол бас қаһарманның лейтмотивтерінің біріне айналды.

Француз импрессионизмінің өкілі М.Равельдің ішекті аспаптар квартетіне, арфа, флейта және кларнетке арналған интродукция мен аллегросы – ерекше әсемдікке ие шығарма. Ол нәзіктікке, баурап алар арманшылдыққа, сәл ғана мұң реңі түскен жастық пен көктемнің көркіне толы.

«Өз айтары бар, әжептәуір ақылды төрт адамның әңгімесі», – деп Йозеф Гайдн ішекті аспаптар квартетін сипаттаған болатын. Біз астаналық әнқұмар жандар мен қала қонақтарын атақты ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мен оның достарынан құралған керемет музыканттардың еліктіретін әңгімесін тыңдауға шақырамыз.

 

БАҒДАРЛАМА:

  1. Й.Гайдн. №5 ішекті аспаптар квартеті, ор.76, Ре мажор

Allegro con spirito

Adagio

Menuet. Allegro – Trio

Finale – Allegro ma non troppo

 

  1. П.Чайковский. №2 ішекті аспаптар квартеті, Фа мажор, оp.22

Adagio – Moderato assai

Scherzo – Allegro giusto

Andante ma non tanto

Finale – Allegro con moto

 

  1. М.Равель. Ішекті аспаптар квартеті, арфа, флейта және кларнетке арналған интродукция мен аллегро, Соль-бемоль мажор

 

СОЛИСТЕР:

Мағруфа Мұқажанова (арфа)

Гүлдана Әкімова (флейта)

Дәулет Сейдахметов (кларнет)

 

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісіҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды  ауыстыру құқығын өзіне қалдырады