Jullien Dassin

Placido Domingo Алматыда

Placido Domingo в Алматы

Өтетін орны: Алматы қ., Республика сарайы

Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 30 Сәуір, 19:00

Әртістер: Пласидо Доминго

Ұзақтығы: 90 мин

Автотұрақ: бар

Жас шектеуі: 6+

Қосымша:

 
 
 
 
 
 
Атақты испандық опера әншісі Пласидо Доминго 30 Сәуірде Республика сарайында өзінің Орталық Азия бойынша туры аясында Алматыда өнер көрсетпек.

Пласидо Доминго - қазіргі заманның ұлы тенорларының бірі, оның майталмандығын классикалық музыканы сүйіп тыңдайтын қауым да, әлемдік сыншылар да мойындаған еді. Мықты дауыс, еліктіргіш харизма мен таңғалдырарлық еңбекқорлықтың сирек кездесетін үйлесімі Пласидоның атын көзі тірісінде-ақ аңызға айналдырды. Пласидо Доминго ең ұзақ көрермендер шапалағын тудырған әнші ретінде Гиннесс рекорд кітабіна енгізілді. 1991 жылы Венада өткен «Отелло» қойылымынан кейін ду қол шапалақ 80 минут бойы тоқтаусыз соғылған еді. 50 жылдан астам сан алуан елдердің сахна төріндегі мансабы уақытында Доминго 150-ден астам жетекші опералық орындаулар көрсетіп, оркестр құрамында немесе дирижер ретінде 300-ден жоғары кештер өткізіп, саны 3 900-ден асатын қойылымдарға қатысқан еді. 2012 жылы тенор ән айту мен дирижерлік қызметті қоса санағанда 80-нен астам қойылымдарға қатысты, мысалы: La Scala, Covent Garden, Paris Opera, Dallas Opera, Metropolitan Opera, Vienna State Opera, Palacio de Bellas Artes, New York City Opera, Веналық ұлттық опера, Крокус Сити Холл және т.б.

Алматының тұрғындары мен қонақтары осы кеште Ұлы Пласидо Домингоның ғана өнерін тамашаламайды. Сахна төрінде өзбек лирикалық теноры, Өзбекстанның халық әртісі Рамиз Усманов, испандық опера дивасы Марина Монзо және кештің арнайы қонағы - Кіші Пласидо Доминго өнер көрсетеді. 

Симфониялық оркестрді бүкіл әлем бойынша оркестрлермен және опера театрларымен өнер көрсететін әйгілі итальяндық дирижер Гаэтано Ло Коко басқарады.

Сиқырлы опера кешін ұйымдастырушы ретінде көптеген жылдар бойы мәдениет, өнер және спорт саласындағы ауқымды жобалармен айналысатын «JAM.KZ» компаниясы қызмет атқарады.