Театр им. Погодина

Вивальдиден Пьяццоллаға дейін

«Вивальдиден Пьяццоллаға дейін»

(камералық музыка концерті)

24 қыркүйек күні Камералық залда Зере ТӨЛЕГЕНОВА (фортепиано) және Арман ЖЕКСЕНБАЙ (скрипка), сондай-ақ Айдар ҚАЗКЕН (виолончель) сынды қазақстандық жас музыканттардың қатысуымен концерт өтеді.

 

Қазақстандық жас музыканттар дуэті көрермен назарына классика, романтизм дәуірлері мен ХХ ғасыр әуендерінен тұратын қызықты бағдарлама ұсынады.

Зере Төлегенова мен Арман Жексенбай Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері. Олар өз өнерлері арқылы кезінде шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға жол сілтеген, жыл сайын талантты музыканттарды тудыратын оқу орнына деген ризашылықтарын білдіреді. Жас музыканттар – республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, олардың Камералық зал сахнасында бірлесіп өнер көрсетуі – болашақтағы шығармашылық өркендеулеріне алғашқы баспалдақ болмақ.

Музыканттардың интеллигентті әрі романтикалық, сыпайы да тартымды, жан тебірентерлік лирикаға толы орындау мәнері көрермендерді қуанышқа бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлары сөзсіз.

Концерт бағдарламасында:

П. Чайковский. «Жыл мезгілдері» op.37. Наурыз – «Бозторғай жыры»

                                                                       Сәуір – «Бәйшешек»

                                                                       Мамыр – «Ақ түндер»

А. Вивальди. «Жыл мезгілдері», №2 концерт, соль минор «Жаз» RV315

П. Чайковский. «Жыл мезгілдері» op.37. Қыркүйек – «Аң аулау»

                                                                       Қазан – «Күзгі жыр»

                                                                       Қараша – «На тройке»

А. Вивальди. «Жыл мезгілдері», №4 концерт, фа минор «Қыс» RV297

А. Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

Қ. Шілдебаев. Концерттік күй

Е. Брусиловский. «Боз айғыр»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады