Google ad services
Билеты на мастер-классы Алматы

«Шырақ жанған түн»

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн»

/лирикалық драма/

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жас отбасының басында күтпеген оқиға болды. Бас кейіпкер Сағын жұмысында жеткен жетістігін жуып, мас болып жүргенде, жары Нұргүлдің туылған күні есінен шығып кетеді. Онымен қоса, оның адалдығына күмән келтіріп, көңіліне кірбің түсіреді. Жолдасына ренжіген жас келіншек ойда жоқта Таңат есімді бозбаламен кездесіп, арты ертегідей бір әсем кешке ұласады. Тазалық пен сыйластыққа қызығатын Таңаттың ойы арқылы оқиға өрбіп, соңында, махаббат дейтін киелі ұғым өз биігінде салтанат кұрмақ. Өмірімізден маңызды орын алатын отбасы төңірегінде өрбуіне себеп болған күдік пен сенімнен сыр шертетін, күл­ді­ре отырып кісіні бей-жай қалдырмайтын өзекті тақырып, актерлердің шебер ойыны арқылы театр сахнасында тарқатылады.