Театр им. Погодина

Ерекше дуэт

2015 / 2016 Камералық зал IIІ маусым

16 ақпан 19.00

«Ерекше дуэт»

(арфа мен саксофон)

«Ерекше дуэт» – құрамында арфашы Айдана Қарашева мен бірнеше аспапта өнер көрсететін Юрий Таштамиров (саксофон, флейта, кларнет және т.б.) бар A-DUO аспаптық ансамблінің концерті (италия тілінде – «екеу болып ойнау»).

Дарынды екі орындаушының ансамблі 2013 жылы П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында, профессорлар И.П. Пашинская мен А.З. Бондурянскийдің сыныбында оқып жүрген кезде құрылған.

А. Қарашева мен Ю. Таштемировтің алғашқы бірлескен концерттерінен бастап тыңдаушылар аспаптарға тән өзара, таңдаулы әрі нәзік үйлесімін бағалаған. Муыканттардың өнері тыңдармандардың өздеріне деген сүйіспеншілігі арттыра түскен. Дуэттің репертуары мейлінше сан қилы – романтизм жауһарларынан бастап заманауи композиторлардың танымал шығармаларына дейін, барокко музыкасынан Пьяццолла шығармаларына дейін, классикадан джазға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

A-DUO ансамблі белсенді концерттік өмір кешуде, музыкалық фестивальдердің тұрақты қатысушылары болып табылады, «Бельканто» музыкалық мәдениетті дамытуға қолдау көрсету қайырымдылық қорымен және «Небесный мост» мәдени қайырымдылық қорымен әріптестікте жұмыс жасайды, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында жиі өнер көрсетеді, Ресейде және Қазақстанда гастрольдік сапарға шығады. Юрий мен Айдана репертураларын кеңейту жолында, жаңа тембрлік реңктерді тауып, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут