Театр им. Погодина

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Концерт Государственного ансамбля танца РК «Салтанат»1955 жылы құрылған ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі – бұл Қазақстан Республикасында қазақ ұлттық би фольклорын, оған қоса біздің еліміз бен өзге елде мекендейтін елдің би мәдениетін наисхаттайтын алғашқы және жалғыз ұжым. Ұлттық билердің орындау мәдениетін қалыптастыру негізінде классикалық бидің әсер ету тиімділігін зерттеп, оған қоса халық билерінің қалыптасуына жетіспейтін әсерін толықтыратын классикалық билердің элементтерін анықтап алып, көркем жетекшісі, ансамбльдің басты балетмейстері Гүлсәуле Өрімбаева қазақ хареографиясының жаңа стилінің , яғни классикалық би мен би фольклорін синтезінің негізін қалаушы болды.

«Салтанат» би ансамблінің шығармашылығы  - бұл орындау шеберлігінің шынайы табиғатын жеткізе алатын таңғаларлық, әрі түсінікті би тілі, көркемдік образдың күші, импровизациясы, құштарлық пен ынталылығы. ҚР «Салтанат» би ансамблінің өнер көрсетулері  - бұл көрермендерден лайықты өз бағасын алған, олардың махаббатына бөленген және түрлі республикалық, халықаралық фестивальдар мен жарыстарда ұжымға көптеген жеңістер әкелген өзіндік біртуар шағын спектакльдер. «Салтанат» би ансамблі халықтың фольклорлық хареографияның мұрасын ұқыпты сақтап, әрі құрметтеп, халық билерін ары қарай қайталанбас образдарын жасап дамытып, байыта келуде. 

Ансамбль репертуарында бүгінгі таңда Қазақстан халқының, жақын және алыс шетелдерінің  би өнерінің үздік дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан 150 астам би нөмірлері бар. 

Біз ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің «Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында еліміз үшін сондай маңызды оқиғасына белсенді қатысып жатқанына және жоғары деңгейдегі шараларды өткізуге атсалысып жатқанына қуаныштымыз. 

Біз өзіміздің сүйікті көрермендерімізбен бірге, қонақтарды, сонымен қатар бідің концерттерді баяндайтын бұқаралық ақпарат құралдарын көруге қуанышты боламыз. 

«Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы шаралар      

Аталуы

Өтетін жері

Күні

  1.  

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Астана қ., «Астана балет» театры

12 маусым

  1.  

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Астана қ., Этно ауылы

10,14 маусым

  1.  

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Астана қ., Этно ауылы

6,7 шілде

  1.  

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Астана қ., «Астана балет» театры

8 тамыз

  1.  

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің концерті

Астана қ., Этно ауылы

9 тамыз