Scorpions в Алматы

Жизель (КАТМК)

Граф Альберт Жизель есімді шаруа қызына ғашық екен. Өзінің кім екенін білдіртпес үшін ол шаруа киімін киіп алады.
Орманшы Ганс Жизельге граф оны алдап жүргенін айтып жеткізуге тырысады. Кенеттен аңңшылар келеді. Олармен бірге графтың қалыңдығы мен әкесі. Аңшылар басқа жаққа беттейді. Ганс Альберттің өтірігін ашып, дәлел ретінде графтық қылышын көрсетеді. Алайда Жизель оған сенер алмас. Ганс керней тартқаннан кейін, ұяттан жерге кірейін деп тұрған графтың қалыңдығы келеді. Мұндай күтпеген соққыдан абдыраған Жизль есінен танып, ажал құшады. 

Түр ортасы. Ганс Жизельдің зиратбасына келді. Виллистер әміршісі Мирта зиратынан Жизельдің көлеңкесін шығарып, оны виллистер би шашуына шақырады. Виллистер - үйлену тойына дейін қайтыс болған қыздардың рухтары. «Некеқияр көйлектерін жамылып, гүлдерге малынып, айшуағының баурауында көркем виллистер билеуге беріледі. Мұздай салқын зираттарына оралу мезеті жақындаған сайын, би уақыты қысқарған сайын, перілер биі анағұрлым құлшыныс пен жылдамдыққа ие болады...» (Г. Гейне). Виллистер Гансты да билетіп, арбап, көлге лақтырып жібереді.

Жизельдің зиратына Граф Альберт те келеді. Мирта оған билесін деп бұйырады. Жизель одан Альбертті босатуын өтінсе де, виллистер еш берілмес. 
Таң ата бастайды. Күншығысымен виллистер өз күшетрін жоғалтады екен. Альберт аман қалды. Жизель асыл ерімен қоштасады. Алайда ол Альберттің жүрегінде ажалдан да берік жоғалған махаббат туралы өкінішінің мәңгілік естелігі болып қалмақ.