Концерты в Павлодаре

Музыкалық калейдоскоп

2017 / 2018                    Үлкен зал                     V маусым

1 сәуір * жексенбі * 18.00

Концерт

«Музыкалық калейдоскоп»

(Әзілі жарасқан музыканттар)

«Астана Опера» театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарын 1 сәуір – Күлкі күніне арналған музыкалық кешке шақырады.

«Музыкалық калейдоскоп» – көтеріңкі көңіл-күй, әуенді әзіл мен тосынсыйлардың концерті. Сәуірдің алғашқы кешін жарқын музыкалық бояумен әрлеп, көрерменге шаттық пен шабыттың қомақты үлесін сыйлау үшін ортақ ойға біріккен дарынды аспапшылар мен әншілер осынау тамаша концертті әзірледі!

Кеш бағдарламасында симфониялық және опера жанрындағы ең керемет туындылар ұсынылған, атап айтқанда, В.А.Моцарт, И.Кальман, И.Штраус, Дж.Россини, Л.Бернстайн, П.Чайковский, Т.Хренников, Д.Кабалевский және т.б. композиторлардың музыкасы шырқалады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге сахна төрінде опера солистері, оркестр әртістері өнер көрсетеді.

Мерекені «Астана Опера» музыканттарымен бірге қарсы алыңыздар – еш өкінбейсіздер!

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады