Google ad services
Подарочный сертификат

«Махаббат сусыны»

 

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

13 қазан * сәрсенбі * 19.00

14 қазан * бейсенбі * 19.00

 

Гаэтано Доницетти

«Махаббат сусыны»

2 бөлімді опера

«Астана Опера» театры Гаэтано Доницеттидің ең танымал операларының бірі – «Махаббат сусынын» ұсынады.

Осынау керемет күлдіргі опера тамаша әуендерге толы. Міне, бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы ол тыңдармандардың назарын өзінде ұстауда, ал оның кейбір ариялары опера классикасының алтын қорына енген.

«Махаббат сусыны» небәрі екі апта ішінде жазылған, ал миландық «делла Каноббиана» театрындағы премьерасынан кейінгі жетістік композитордың өзін таңғалдырды, ол жауһар туынды жазып шыққанын күтпеген еді.

«Махаббат сусынында» көне опера-буффа мен классикалық романтикалық мелодрама дәстүрлері тоғысады (Немориноның «Una furtiva lagrima...» романсының операдағы ең танымал нөмір болуы кездейсоқ емес).

Елордалық театрдағы бұл спектакль көрермендерге дирижер Алан Бөрібаев пен француз режиссері Арно Бернардың қойылымында жол тартады. Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино. Солистерге дайындықты тәжірибелі вокал бойынша кеңесші Анатолий Гусев жүргізді (Италия). «Астана Опера» театрының керемет хоры да (хормейстер – Ержан Дәуітов) Г.Доницеттидің күлдіргі жауһарының басты кейіпкерлеріне айналады.

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН

Қоюшы режиссер – Арно БЕРНАР

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы сценограф – Эцио ФРИДЖЕРИО

Костюмдер бойынша суретші – Франка СКУАРЧАПИНО

Жарық бойынша суретші – Якопо ПАНТАНИ

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Ұлтай ЕРДЕНБЕКОВА

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор КАРАРЕ

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

 

Адина –   Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері (13.10) /    Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (14.10)

Неморино –         Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Белькоре –           Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (13.10) /  Талғат ҒАЛЕЕВ (14.10)

Дулькамара –     Евгений ЧАЙНИКОВ (13.10) / Шыңғыс РАСЫЛХАН (14.10)

Джаннетта –        Назым САҒЫНТАЙ (13.10) / Мәдина ИСЛАМОВА (14.10)

Дулькамараның ассистенті – Шыңғыс ОСПАНБАЕВ

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, КОРДЕБАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ

 

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

 

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады