Расписание кинотеатров Павлодара

«Аққу көлі» классикалық орыс балеті

«Аққу көлі» балеті

Балеттің оқиға желісі рыцарлер дәуірінде өмір сүрген ханзаданың сиқыр арбауына ұшыраған сұлу қызға деген мінсіз әрі таза махаббат туралы шырқайды. 

«Аққу көлі» балетін орыс классикасының інжу-маржаны десек, артық болмас, себебі оны мойындалған жоғары өнер туындысы деп еш күмәнсіз айта аламыз. Ғашықтарды сынаққа алған қиыншылықтар мен кедергілерге толы нәзік те көркем махаббат дастанын қарсы алыңыздар.

Шебер қимылдар, ырғақты да керемет адажио, таңғажайып синхрондық пен орындаушылық көркемділік. Әрбір әрекет қайталанбас сезімдер толқынын оятары сөзсіз. Сахна безендіруі ортағасырлық сарайдың атмосферасына баурай түсіп, бейнені одан әрі ажарлы етеді.