Jullien Dassin

Жер бауырлап ұшу

Қону орнын іздестіруде мүмкіндігінше төмен ұшу биіктігін сақтаңыз. Жергілікті тұрғындармен, сәулет объектілерімен және тұрмыс құрылғыларымен қақтығыстан сақ болыңыз. 

Балаларыңыз, туысқандарыңыз, көшілеріңіз, жануарлар, өсімдіктер мен басқа да кедергілермен кездесу кезінде маневр жасау амалдарын уақытылы орындаңыз. Парашютты жинап, жасырын қойыңыз.

Қарама-қарсы жыныстың жерүсті тұлғасымен байланыс орнатыңыз, идеяларыңызды және мәдениетіңізді оның ортасына енгізіңіз.

Сізге ерлердің, әйелдердің, балалардың, қарттардың және көршілердің бәрі қарсылық танытатын болады.

Ештеңеден қорықпаңыз.

Махаббат көмек қолын созады.