rebranding

Ақбілек

Автор: Ж. Аймаутов

Премьера күні: 11 маусым 2022 ж.

Қоюшы-режиссер: Г. Омарова

Жанр: моноспектакль

Ұзақтығы:

Жас санаты: 

 

 

 

 

 

Ж.Аймауытовтің  «Ақбілек» моноспектаклі - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.

Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттейді.

Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді.

Моноспектакльде көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі.