rebranding

Young Talents

Young Talents

Өтетін орны: ҚР ҚҚ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫК ОРТАЛЫҚ, Республика даңғылы-2

Күні: 2023 жылғы 19 наурыз

Басталуы: 15:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Симфониялық оркестр мен жас талантты орындаушылардың бір сахнада өнер көрсетуі – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филаромония ұжымдарының жиі өнер көрсететін форматы. Мұндай концерттер көрермендер мен қатысушылардың сүйіспеншілігіне бөленетін  музыкалық мерекеге айналады. Жас таланттар үшін бірлескен бағдарламалар маңызды оқиға, кәсіби музыка сахнасын бағындыруға жасалған үлкен қадам. Елордалық филармонияның әртістері жас әріптестеріне музыка әлемінде жол табуға көмектесе отырып, жас таланттарды шығармашылық өсу мен қолдау үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.

Концерт бүкіл отбасымен тамашалауға арналған. Бағдарлама балаларға да, ересектерге де, музыкалық мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне, әрине, классикалық музыка сүйер қауымына да өте қызықты.

Жас балалар симфониялық оркестрмен бірлесе отырып, талғампаз тыңдарманның талғамынан шығатын түрлі жанр мен стильдегі туындыларды орындайды. Жас виртуоздардың қатысуымен өтетін концерт бағдарламасында: Ш. Данклдің Вейгл тақырыбына вариациялары (Жамиля Сүлейменова, скрипка), В. Матвейчук «Ватра» (Гуляф Лебедева, флейта), Й. Гайдн  виолончель мен оркестрге арналған концерт (Дияржан Ахатов, виолончель), Г. Форе «Элегия» (Дидар Кәрім, виолончель), К.Райнеке, флейта мен оркестрге арналған концерт (Дарина Ляшок, флейта), И. Фролов «Скерцо» (Мырзабек Інжу , скрипка), Ф. Крейслер Пуньяни стиліндегі прелюдия және аллегро (Райхан Дүйсенбай, скрипка), Р.Глиэр, Валторнаға өңделген дауыс пен оркестрге арналған концерт (Жакен Арман, валторна), Я.Сибелиус, скрипка мен оркестрге арналған концерт (Дариға Қаскенова, скрипка).

Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әділ Бестембеков, бас дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев.